«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын шығарды
Алматы қ. | 17 июля 2019 г. |
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы еңбек ұжымына Бас директор Қанат Құрманалиев баяндады.
Компанияның оң экономикалық көрсеткіштері атап өтілді. Есепті кезеңде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры бойынша газды экспортқа тасымалдау көлемі артты. Бұдан басқа, газ құбыры нысандарының құрылысы бойынша жарты жылдық жоспар толық орындалды.
Есептік кездесу барысында Қанат Құрманалиев ұжым алдына 2-ші жартыжылдыққа міндеттер қойды, оның ішінде жоспарланған жұмыстар көлемін аяқтау және нысандарды пайдалануға беру мәселелері бар. 2019 жылға арналған бюджетті түзету және 2020-2024 жылдарға арналған бизнес-жоспарды қалыптастыру бойынша тапсырма берілді. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директоры қазір компания алдында жылыту маусымына дайындық бойынша маңызды міндет тұрғанын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында Қанат Құрманалиев компания ұжымына жемісті жұмысы мен 1-жартыжылдықта қол жеткізген нәтижелері үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау және газ магистралінің барлық нысандарының апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударды.