Құбырдың бүлінуіне байланысты үзілген Батыс Қазақстан облысындағы елді-мекендерді газбен жабдықтау қалпына келтірілді.
Батыс Қазақстан облысында өңірдің бірнеше елді-мекендерін газбен жабдықтаудан айырған газ құбырындағы апат жойылды.
«Қазіргі сәтте апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, үйге газ беру басталды», – деп хабарлады сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осыдан бұрын хабарланғандай, өткен дүйсенбіде «Жайық Строй Сервис» ЖШС Деркөл ауылында жер жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 160 мм жоғары қысымды полиэтилен газ құбыры бүлінген болатын. Нәтижесінде Өскенауыл, Ветелки, Құмыска, Новостройка кенттері мен Деркөл кенті жартылай, жалпы алғанда 2 мыңға жуық адам газбен жабдықтаудан айрылған болатын.