Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күніне арналған бейне хабарлама.

Бейне хабарлама

Құрметті әріптестер!

Біздің газ тасымалдау саласындағы жұмысымыз ¬- жоғары жауапкершілікті, аса мұқияттылықты және барлық қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтауды талап етеді. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС күнделікті жұмыс жағдайында шамалы қателіктің өзі ауыр салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себепті еңбекті қорғау- бұл ережені сақтау ғана емес, күнделікті жұмысымыздың негізі болып табылады.
Біздің әрқайсымыз – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың бірыңғай жүйесіндегі буынбыз. Біздің еңбек қорғауға деген бейілділігіміз, тәртіпті сақтауымыз және оған барынша ынта қоюымыз өз денсаулығымызға ғана емес, әріптестеріміздің әл-ауқатына, бүкіл компаниямыздың тұрақтылығына әсер етеді.
Бүгін Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күнін атап өте отырып, бірде-бір өндірістік нәтиженің адам денсаулығынан артық емес екенін ұмытпау өте маңызды. Біздің алдымызда кем дегенде «жарақатты болдырмау» көрсеткіштерін ұстап тұру және оларды тұрақты негізде жақсарту бойынша ортақ міндет тұр.
Болашақта бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз еңбек қауіпсіздігі саласындағы ең жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенім білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге деген сенімділік, және ең бастысы, апатсыз және қауіпсіз жұмыс тілеймін.

Құрметпен,
Сарсембай Ещанов

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye