ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін газ саласының ардагерлер түрлі өңірлерден Астана қаласына келді. Бірақ алғашқы кезекте «ҚазТрансГаз» АҚ кеңсесінде газ саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті.
Қатысушылар алдында «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол «Елді мекендерді газдандыру-Мемлекет Басшысы қойған алғашқы кезектегі міндет» екенін атап өтті. Сондықтан соңғы жылдары газ саласы қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы көгілдір отынның барлық негізгі экспорттық бағыттары біздің мемлекетіміздің аумағы арқылы өтеді. Біз өзіміздің газ тасымалдау әлеуетін барынша пайдаландық. Егер 2009 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ 9 мың шақырым газ құбыры желілеріне қызмет көрсетсе, бүгінде компанияның басқаруында 54 мың шақырым газ құбыры бар.
Осы бейресми кездесу барысында кеңеске қатысушыларға бірлестіктің Қостанай филиалының басшысы Қуаныш Омаров сөз сөйледі. Ол атап өткендей, «Осыған дейінгі кезеңдерде газды өшіру мәселесі жиі қайталанып, түрлі апаттар орын алды. Қазіргі уақытта мұндай жағдайлар жоқ». «ҚазТрансГаз» АҚ адамдарды үздіксіз газ берумен қамтамасыз ете отырып, газ тасымалдау жүйесін жаңартты және бүгінде отандық газ шаруашылығы заманауи, жаңғыртылған кәсіпорындардың тұтас кешені болып табылады», дейді Қуаныш Омаров.
Газ саласындағы ардагерлер кеңесінің Атырау филиалының басшысы Байрам Тұрсынбаев аймақтың қоғамдық өмірінде бірлестіктің маңызды рөлін атап өтті. «Біз, газшы-ардагерлер, облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге әрдайым белсенді қатысамыз, – деп атап өтті Байрам Тұрсынбаев. – Жақында Атырауда қоғамдық тыңдауларда тарифтік саясат мәселелерін талқыладық. Айта кету керек, Қазақстандағы газдың құны ең төмен болып табылады. Менің студент немерем ұялы телефон үшін одан да көп төлейді. Кейде банк комиссиясы газ тарифінің құнынан асып түседі. Ал газ өндіру, тазалау және әрбір үйге жеткізу – мыңдаған маман жұмыс істейтін үлкен еңбек. Ал бұл еңбек әрдайым бағалана бермейді. Мен бұл жөнінде айту қажет деп ойлаймын».
Газ саласындағы ардагерлер кеңесі 6 ай бұрын құрылған, бірақ бұған қарамастан, ғылыми-техникалық кеңестердің жұмысына және өңірлердің қоғамдық өміріне белсенді қатысуда. Осы салалық бірлестіктің негізгі мақсаты – ардагерлерді белсенді қоғамдық өмірге тарту, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдемдесу, тәжірибе және кәсіби дағдылар алмасу.