«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының еңбек ұжымымен есептік кездесуі

2016ж. 16 мамырда «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директоры еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас директор Серік Естай алғысөзін Серіктестіктің өткен 2015 жыл бойынша жетістіктері: оның ішінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ объектілерінде cалдары ауыр келеңсіз жағдайлардың болмағаны,  Магистральды газ құбыры бойымен табиғи газды тасымалдау бойынша 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енетін тарифтің бекітілгені, 2015ж. бойынша қаржы есебінің аудиттен сәтті өтуі, жобаны қаржыландыру бойынша жұмыстардың жүргізілуі жөнінде жариялаудан бастады.

«Бейнеу-Бозой» учаскесінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» (ББШ)  магистральды газ құбырын (МГҚ)  пайдалануға енгізудің Ресми Салтанаты  Серіктестік қызметінің басты оқиғаларының бірі болып табылады. «Бейнеу-Бозой» учаскесі газ құбырын пайдалануға енгізу еліміздің барлық магистральды газ құбырын бірыңғай жүйеге біріктірді. Бұл газды Қазақстан аумағында кез келген бағыт бойынша әртараптандыруға және импорттық газға тәуелділікті жоюға мүмкіндік берді.

ҚР ішкі нарығына газды жеткізуді қамтамасыз ету үшін Жаңақорған, Шиелі, Байқоңыр, Арал, Әйтеке би, Шалдар сияқты елді мекендерде алты АГТС іске қосылды.

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес және «Мемсараптама» РМК белгіленген тәртіпте бекіту үшін ұсынылған, өзгертілген және толықтырылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Мемсараптама» РМК оң шешім алу –  Серіктестіктің құрылыс бөлігіндегі жетістіктерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында жоспарланған «Бозой» КС аяқтау және пайдалануға енгізу 2016 жылдың атаулы оқиғасы болып саналады.

Сонымен қатар, 2015 жылы Серіктестік жұмыскерлеріне бірінші аттестациялау жүргізіліп, ол жұмыскерлердің кәсіби біліктілігінің деңгейін ғана емес, сондай-ақ аттестацияның өзіне дайындықтың деңгейін көрсетті.

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәжіліс Серіктестіктің дамуына елеулі үлес қосқан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Жұмыскерлеріне алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәжілісті қорытындылай келе, Серік Естай Серіктестіктің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ішкі процедурасын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Қағидаларына сәйкес келтірудің қажеттілігі жөнінде түйіндеді және Серіктестіктің барлық жұмыскерлеріне жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді.

5

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye