79 + = 88
Сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, келесі көлемде және келесі шарттар бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен БАҚ басылымдарында жарнама-ақпарат материалдарын орналастыру қызметін сатып алу өткізілетіні жөнінде хабарлайды:
1. Сатып алудың атауы: БАҚ басылымдарында жарнама-ақпарат материалдарын орналастыру.
2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің талаптары және мерзімі, көлемі, төлем талаптары мен мерзімі техникалық ерекшелікте және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген.
3. Қызмет көрсету орны: техникалық ерекшелікке сәйкес.
4. Техникалық ерекшелік пен сатып алу туралы шарттың жобасын 2016 жылғы «22» желтоқсанда сағат 09:00 ден 2016 жылғы «27» желтоқсанда, сағат 18:30 дейінгі мерзімде (қоса есептегенде) келесі мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 77, № 213 каб. күн сайын, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері, 09:00 -18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:30 дейін) келесі құжаттарды ұсынған соң алуға болады:
1) Аталған сатып алуға қатысу туралы хат-өтініш;
2) Техникалық ерекшелік пен шарттың жобасын алуға әлеуетті жабдықтаушы өкілінің сенімхаты мен баға ұсынысымен конверт ұсыну.
5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген әлеуетті жабдықтаушы заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар бағалық ұсынысты білдіруі керек:
1) Әлеуетті жабдықтаушының атауы, заңды және тұрғылықты мекен-жайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патент нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖИН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері;
2) Көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және көлемі;
3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері;
4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда;
5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлік көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу жөніндегі құжат көшірмесін;
6) Лицензия көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданатын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жабдықтаушының өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
7) Әлеуетті жабдықтаушы қол қойған техникалық ерекшелікті (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық ерекшелік болса және әлеуетті жабдықтаушының техникалық ерекшелікті беруі жөнінде талап қойылса);
8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
9) Жарғы көшірмесі.
Әлеуетті жабдықтаушы тек 1 (бір) баға ұсынысын білдіруге құқылы, оған өзгерту және (немесе) толықтыру енгізуге тиым салынады. Баға ұсыныстары қызмет көрсетумен байланысты салық (ҚҚС қоспай) және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) қосқанда барлық шығындарды қамтуы тиіс және жабық конвертке салынып беріледі, оның алдыңғы бетінде әлеуетті жабдықтаушы келесіні көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті жабдықтаушының толық атауы және пошталық мекен-жайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекен-жайы, ол хабарландыруда көрсетілген үйлес мәліметтерге сәйкес болуы тиіс;
3) әлеуетті жабдықтаушының баға ұсынысын сипаттайтын қатысу үшін сатып алудың атауы.
6. Баға ұсынысы Техникалық ерекшелікте көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
7. Сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен әлеуетті жабдықтаушымен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған әлеуетті жабдықтаушы, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
2) лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жабдықтаушының өтініші (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);
4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.
Баға ұсыныстары конверттерін ұсынудың аяқталу мерзімі: 2016 ж. «28» желтоқсан 10 сағат 00 минут.
Баға ұсыныстарымен ұсынылған конверттердің ашылуы: 2016 ж. «28» желтоқсан сағат 12 сағат 00 минут, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, № 205 каб. өтеді.
Баға ұсыныстары келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, № 213 каб.
8. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен БАҚ басылымдарында жарнама- ақпарат материалдарын орналастыру қызметін сатып алуға бөлінген сома 3 696 000, 00 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде).
9. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу жөніндегі шарт «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бюджеті белгіленген тәртіпке сәйкес бекітілген соң жасалады және қолданысқа енгізіледі .
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (727) 330-68-25 телефоны бойынша алуға болады.
Файл доступен только зарегистрированным пользователям.
Аккаунт бар ма? |