АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ІЛЕСПЕ МҰНАЙ ГАЗЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ.

«ҚазТрансГаз» АҚ және Ақтөбе облысының әкімдігі «Қожасай» кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысын салу арқылы Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдаланушыларының ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жобасын іске асыру бойынша «Capital Gate Kazakhstan» ЖШС-мен өзара түсіністік және ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қоюға Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары Р.Э. Сулейманов және «Capital Gate Kazakhstan» ЖШС компаниясының өкілі Грегори Воджак қатысты.

«Capital Gate Kazakhstan» ЖШС жалпы құны 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі газды кешенді дайындау қондырғысын салуды толық жүзеге асыра отырып, өзінің жеке және тартылған қаражаттар есебінен жобаға инвестиция құюға дайын. «ҚазТрансГаз» АҚ қондырғыдан жұмыс істеп тұрған магистральдық газ құбырларына дейін газ құбырын салу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Әкімдік, өз кезегінде, қондырғы мен тиісті газ құбырлары салынатын жер учаскелерін ұсынуға, сондай-ақ құрылыс салуға арналған барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын беруге жәрдем көрсететін болады.

Ақтөбе кен орындары топтарының ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жөніндегі жоба бірден 3 жер қойнауын пайдаланушының – «ҚазахОйлАқтөбе» ЖШС, «КаспийНефтьТМЕ» АҚ және «АралПетролеумКэпитал» ЖШС-ның факелдерінде жанатын шикі газды қайта өңдеу арқылы өңірдің экологиялық проблемасын шешуге бағытталған. Қайта өңделетін шикі газдың жылдық көлемі 300 млн. текше метрді құрайды. Жобаны іске асыру республиканы, оның ішінде Ақтөбе облысын одан әрі газдандыру үшін газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы – «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ресурстық базасын арттыруға мүмкіндік береді.

Газды кешенді дайындау қондырғысын салу жөнінде «ҚазТрансГаз» АҚ қарастырған барлық жобалардың арасында «Capital Gate Kazakhstan» ЖШС ұсынған жоба сапасы, бағасы мен орындау мерзімі бойынша ең оңтайлысы болып отыр. Жасалған меморандумға сәйкес объект 1,5 жылдың ішінде салынатын болады.

Анықтамалық ретінде: Қазіргі уақытта ілеспе мұнай газын тазалап, тиімді кәдеге жарату бүкіл мұнай-газ кешенінің өзекті проблемасы болып табылады. Экологиялық мәселелерді шешуден басқа, Қазақстандық кен орындарының ілеспе мұнай-газы өзінің химиялық құрамы мен қасиеті жағынан айтарлықтай қызығушылық тудырады. Олардың көптегені құрамында жоғары бағалы көмірсутек болуымен ерекшеленеді және тұтынушылардың үйлеріне немесе өндірістерге жеткізілетін экологиялық таза өнім ғана болып қоймай, автокөлік үшін баламалы отын болып табылады және мұнайхимияда кеңінен пайдаланылатын хош иісті көмірсутек алу үшін бастапқы шикізат бола алады.

“ҚазТрансГаз” АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. “ҚазТрансГаз” АҚ компаниялар тобына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye