18 + = 25
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Апаттық-құтқару қызметтерінің және «Бейнеу- Шымкент газ құбыры» ЖШС нысандарын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету қызметтері» ашық тендерінің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2016 жылғы 23 желтоқсан (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 213 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс).
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін Тендерлік құжаттаманы алу және тендерлік өтінімді беру бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын (түпнұсқа) ұсыну қажет.
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, 213 кабинетке ұсынады (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылғы 26 желтоқсан күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2016 жылғы 26 желтоқсан күні, сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 205 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-69-26 телефоны арқылы алуға болады.
Файл доступен только зарегистрированным пользователям.
Аккаунт бар ма? |