Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары-Мұқан Әбдірауықұлы Садуақасов

Мұқан Әбдірауықұлы Садуақасов 1964 жылғы 2 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Жылу-газбен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша, 2012 жылы – М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі

1989 – 1999 жж. «Қазгазқұрылысмонтаж» ҚЖБ прораб болып жұмыс істеді;

1999-2004 жж. – «Алматыинтергаз» ААҚ (Алматыгоргаз) жетекші инженер, ЖҚҚ бас инженері, Апаттық газ қызметінің басшысы;

2004-2015 жж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, Өндірістік-техникалық департаменттің директоры, Техникалық директор, Жамбыл облыстық филиалының директоры;

2015-2016 жж. – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары;

2016 ж. – «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;

2017-2018 жж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ – Бас директордың орынбасары;

2018 жылғы қарашадан 2020 жылғы қыркүйекке дейін – «Азиялық газ құбыры» ЖШС Бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді;

2020 жылдың қазан айынан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.