Бас директорының орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары – Саурамбаев Бейбіт Қажымқанұлы.

Саурамбаев Бейбіт Қажымқанұлы 1975 жылы 22 маусымда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық Техника Университетінің «Автоматика және техника жүйелерін басқару» мамандығы бойынша аяқтап, «Инженер-электрик» мамандығын алып шығады.

Еңбек қызметі

2000ж. – 2004ж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ маман қызметінде, Өндірістік-техника департаментінің автоматиканы басқару құралдарын пайдалану және басқару бойынша өндірістік бөлімнің жетекші маманы.

2004ж. – 2007ж. «ҚазТрансГаз» АҚ Күрделі құрылыс департаментінің жобалау-сметалық құжаттама менеджері, департамент директорының орынбасары, Күрделі құрылыс департаментінің директоры.

2007ж. – 2009ж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Күрделі құрылыс және жөндеу бойынша директордың орынбасары.

2009ж. – 2010ж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Оңтүстік» МГҚБ Бас инженер.

2010ж. – 2012ж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Оңтүстік» МГҚБ филиалының директоры.

2012ж. – 2014ж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры.

2014 жылдың сәуірінен бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары.