Фу Цзини – 1988 жылы туған, ҚХР Хэйлунцзян провинциясында дүниеге келген. 2010 жылы Дунбэй қаржы-экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде сол мамандық бойынша магистратураны бітірді.
Мамандандырылған жұмыс тәжірибесі 13 жылдан астам.
2012 жылдан бастап Фу Цзини өзінің кәсіби қызметін АҚШ-та PKF O ‘ Connor Davies LLP компаниясында бастады, ол компанияда қаржы маманы қызметін атқарды.
2013-2017 жылдар аралығында ол Бейжің мен Мьянмада CNPC SouthEast Asia Pipeline Company Limited компаниясы қаржы бөлімінің супервайзері болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited компаниясында қаржы департаментінің супервайзері қызметін атқарды.
2020 жылдан 2025 жылға дейін сол компаниядағы қаржы департаментінің аға супервайзері лауазымына ауысты.
2025 жылдың маусым айынан бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.