Сертификат

Сертификат (KAZ)

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС

сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы менеджменттің біріктірілген жүйесі туралы (ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018)

Жалпы ақпарат

2014 жылдың желтоқсан айында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) инспекциялық қызметтер, сараптама, сынақтар өткізу және менеджмент жүйелерін сертификаттау саласында әлемдік деңгейі бар және жетекші ұйым болып табылатын  TUV Thuringen e.v. халықаралық сертификаттау органымен сертификаттау аудиті жүргізіліп, Серіктестік қызметінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын сертификаттар табысталды.

2022 жылдың желтоқсан  айында Серіктестік ISO 9001:2015, ISO 14001:2015,  ISO 45001:2018 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша менеджментінің біріктірілген жүйесінің кезекті «Екінші Байқаушы» аудитінен (бұдан әрі – Аудит) сәтті өтті.

Қайта Сертификаттау аудиті «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметінің ерекшелігін ескере отырып жүргізілді. Осыған байланысты, аудиторлар Серіктестіктің «Табиғи газды тасымалдауды басқару» негізгі бизнес-процессін ескере отырып, түйінді процесстер мен құжаттарға баса назар аударды.

TUV Thuringen аудиторлары өндірістік бөлімшелерге ерекше назар аударды, өйткені көрсетілетін қызметтердің сапасы, негізінен, осы бөлімшелердің жұмысына тәуелді болып келеді. Аудит Серіктестіктің басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімшелерін қамтитын, сертификаттық органмен арнайы әзірленген бағдарлама бойынша жүргізілді.

Бас директор Цзян Цзиньтянь мырзамен және басшылықтың БМЖ бойынша Өкілдері Чжао Шоуи және Д.С.Ахметов мырзалармен, сондай-ақ бөлімше басшылары және жұмыскерлерімен өткен ашық талқылау компанияға  аудиттің нәтижелерін «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС МБЖ жақсартуға қабілетті құрал ретінде мейлінше тиімді пайдалануға, анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюға, Серіктестіктің тиісті түрде жұмыс істейтініне және сыртқы аудитке дайындығына сенімді болуға мүмкіндік берді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде аудиторлар басқарудың аса тиімді тәсілдерін енгізуге және дамытуға бағытталған өндірістің жоғары мәдениетін, сонымен бірге компания басшылығының сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік менеджментінің біріктірілген жүйесіне бейілділігін, Серіктестіктің БМЖ саласындағы елеулі және табысты жұмысының жоғары нәтижелерін көрсеткен қызметкерлердің біліктілігі мен қызығушылығын атап өтті.

Аудиторлар келесі оң нәтижелерді атап көрсетті:

  • басшылықтың БМЖ қолдау және жақсарту бойынша жоғары бейілділігі;
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлері біліктілігінің жоғары деңгейі;
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінің бейілділігі және ақпараттандырылуы;
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінің компания тәуекелдері мен мүмкіндіктерінің деңгейін бағалау процесіне тартылуы;
  • өкілетті тұлғалардың МБЖ қолдау және жақсарту бойынша жауапкершілігінің жоғары деңгейі;
  • ақпараттық жүйелерді және электронды құжат айналымын пайдалану;
  • МБЖ жақсартуға бағытталған, өткізілген және келесі кезеңдерге жоспарланған іс-шаралардың үлкен көлемі.

Осылайша, 2022 жылғы желтоқсанда TÜV Thüringen сертификаттау жөніндегі халықаралық органы ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 МС базасында жүргізген Екінші Байқаушы аудитінің қорытындысы бойынша «Бейнеу -Шымкент газ құбыры» ЖШС  барабар, жарамды және нәтижелі деп танылды».  

TUV Thuringen компаниясының логотипі бар сертификаттар мен сертификаттау белгілерінің қолданылу мерзімі бір жылға ұзартылды.  

2023 жылы Серіктестік қызметінде:

  • 23 экологиялық аспект анықталды және бағаланды, оның ішінде 1 экологиялық аспект бағалау нәтижесі бойынша сүбелі болып танылды. Экологиялық аспектілердің нәтижесі Экологиялық аспектілер тізілімінде айқындалған, магистральды газ құбырын ағымдағы пайдалану аясындағы негізгі ЭА қалыпты жұмыс тәртібіне байланысты;

Қауіпті және зиян өндірістік факторлар анықталды (ҚЗӨФ) және Серіктестік қызметкерлерінің барлық санаты бойынша тәуекелдер бағаланды. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін сақтау (ДСжЕҚС) саласында 50 тәуекел анықталып, оның ішінде 7 тәуекел Елеулі болып танылды, қауіптерді және тәуекелдерді басқару шаралары әзірленді.