Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары – Нуралин Әділ Байназарұлы.

Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары – Николай Витальевич Рубанов

Николай Витальевич Рубанов 1980 жылы 16 маусымда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Мәскеудегі қазіргі заманғы  гуманитарлық институтты – Құқықтану бакалавры

мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі:

2000 – 2001 жж. – «Тараз газ шаруашылығы басқармасы»  ЖШС заң кеңесшісі;

2001 – 2003 жж. – «Әулие-Атагаз» ЖШС талап-шарт бөлімінің маманы;

2003 – 2003 жж. – «Версат» ЖШС заң кеңесшісі;

2003 – 2008 жж. – «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС Заң бөлімінің жетекші маманы;

2008 – 2009 жж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  Заң департаменті директорының орынбасары;

2009 – 2013 жж. – «ҚазТрансГаз Аймақ»  АҚ материалдық-техникалық жабдықтау және қоймалық есеп департаментінің директоры;

2013 – 2015 жж. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Заң департаментінің директоры;

2015 – 2016 жж. – «Интергаз Орталық Азия»  АҚ Заң департаментінің директоры;

2016 – 2019 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары;

2019 – 2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының сатып алу және активтерді басқару жөніндегі орынбасары.

2020 ж.  қыркүйектен бастап –  қазіргі уақытқа дейін – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары