Келешегі зор ықшам өндірістер

«Қожасай» кен орнынан түсетін ілеспе мұнай газын кәдеге жарату және өңдеу бойынша зауыт жұмысымен Қазақстандағы  Shell компаниясының басшысы Оливье Лазар танысты. Жұмыс сапардың ұйымдастырушысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ.

Өткен жылдың соңында инновациялық кәсіпорындар іске қосылды. Ықшамдылығына қарамастан зауыттың қуаттылығы жылына 400 млн. текше метр тауарлық газды құрайды.  Өңдеу өнімдері, ал бұл тек қана тазартылған газ емес, сонымен қатар конденсат, түйіршіктелген күкірт, ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие және экспорт үшін үлкен әлеуетке ие. Қазақстанда осыған ұқсас, оның ішінде мұнай мен газды терең өңдеумен айналысатын  кәсіпорындарды құру қажеттілігі туралы таяуда сала өкілдеріне ел президенті   Қасым-Жомарт Тоқаев  Атырауда болғанда айтты.

Газ өңдеу зауытын салу жобасын Gas Processing Company компаниясы іске асырған. Кәсіпорын жұмысы Ақтөбе өңірінің экологиясын сауықтыруда үлкен рөл ойнайды. Қазір ілеспе газ кен орнында факельдерде жандырылмайды, атмосфераға шығарылмайды, рационалды пайдаланылады. Зауытта әлемдік стандарттар деңгейінде жалақы алатын жоғары білікті қазақстандық қызметкерлер ғана жұмыс істейді.

Газ өңдеу өндірісінің барлық кезеңдерімен танысқан Қазақстандағы  Shell компаниясының басшысы Оливье Лазар оған жоғары баға берді.

– Мен үшін бұл зауытқа келу пайдалы іс болды, мен көп жағымды әсер алдым. Бұдан мен өндіру, өңдеудің, жалпы зауыт жұмысының өте жоғары деңгейін көрдім. Мұндай бизнес-модельдердің келешегі зор деп ойлаймын және біз олардың мүмкіндіктерін аса қызығушылықпен қарастырамыз.   Дәл осындай жобалардың әлеуеті үлкен екендігіне сенімдімін, – деді Оливье Лазар.

«Қожасай» газ өңдеу зауытына осы жылғы тамызда Қазақстан премьер-министрі Аскар Мамин барғанын естеріңізге саламыз. Министрлер кабинетінің басшысы технологиялық жасақтауға және өнждірісте цифрлық шешімдерді қолдауға баса назар аударды. Оның пікірінше, осындай инновациялық кәсіпорындарды барлық Қазақстан бойынша тарату қажет, себебі олар өте ықшамды және шығынды инвестициялар талап етпейді.

– Экономика газ түрінде қосымша ресурс алады, ал экология  – жақсарады – деді премьер.

«Қожасай» зауытының құрылысы жеке инвестициялар есебінен ғана іске асырылғандығын айтып өткіміз келеді. Осы жоба, елдің ішкі нарығын тауарлық және сұйытылған газбен толтыру мақсатында энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде іске асырылған Қазақстандағы алғашқы жоба болды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye