"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС Бірінші басшысының 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттер бойынша еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі.

28 ақпан 2019ж. Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары Б.А. Суанбеков мырза еңбек ұжымымен есептік кездесу өткізді.

Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары Б.А. Суанбеков мырза өз сөзін Серіктестік қызметінің 2018 жылғы негізгі қорытындыларын жариялаудан бастады, соның ішінде: Серіктестіктің негізгі оқиғалары, Серіктестіктің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, өндірісте оқиғалардың болмауы, Серіктестік объектілері құрылысының мәртебесі, “Бейнеу-Бозой-Шымкент” МГҚ қуатын жылына 15 млрд.м3 дейін арттыру.

Сондай-ақ Б.А. Суанбеков 2019 жылға міндеттер қойды: барлық объектілердің 1 және 2-кезең бойынша құрылысын аяқтау (ЖПУ, ВК, “Бейнеу” ГӨС, ВТП, телекоммуникация жүйесі және SCADA), “Бейнеу-Бозой-Шымкент” МГҚ салу жобасының 3-кезеңін іске асыруды жалғастыру, оның ішінде Ақбұлақ ГӨС кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізу; МГҚ, КЖ, ГӨС және ЖПУ негізгі және қосалқы жабдықтарын пайдалану және сервистік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім жіберу, “Бейнеу-Бозой-Шымкент” МГҚ салу жобасының “Бейнеу-Бозой-Шымкент” МГҚ бойынша тауарлық газды тасымалдауға 2020-2024 жылдарға арналған тарифтің және тарифтік сметаның шекті деңгейі.

Жастар ісі жөніндегі Кеңестің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы Ілияс Тұңғышбаев сөз сөйледі.

Есеп беру кездесуінің соңында Бас директордың бірінші орынбасары – ЖБТ басшысы Ван Лицзюнь мырза сөз сөйледі. Ол өз кезегінде 2018 жылы қол жеткізген нәтижелері үшін барлығына алғысын білдірді. Ван Лицзюнь мырза газ тасымалдау көлемі бойынша, сондай-ақ жақсы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жақсы нәтижелерді атап өтті. Бас директордың бірінші орынбасары – ЖБТ басшысы қазіргі уақытта “Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд.м3 дейін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Қытай тарапынан акционерлер корпоративтік мәдениет және серіктестік қызметкерлерінің корпоративтік рухын нығайту бойынша жұмысты күшейту туралы сөз қозғады. Ван Лицзюнь мырза Серіктестіктің барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін тағы да алғыс айтып, Серіктестік ұжымына өркендеу тіледі.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye