Ақпараттық хабарлама.

Бүгін Конституция күні мен Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында салтанатты жиын өтіп, онда «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Астана қаласында орналасқан қызметкерлері марапатталды.

Ұжымды Конституция күнімен және кәсіби мерекемен және алдағы Құрбан айт мейрамымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті, «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтап, наградаларды табыстады.

Қоғамның ең үздік қызметкерлері «Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен наградталып, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» атты ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгілерімен, «ҚазМұнайГаздың» естелік белгілерімен, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Барлығы компаниялар тобы бойынша – 134 жұмыскер марапатталды.

Бұған қоса, «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының 50 жылдығын мерекелеуге орай, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы жұмыскерлерінің жоғары кәсіби деңгейін, қосқан үлесін тани отырып, 300-ден астам жұмыскер мен ардагер құрмет грамотасына ие болды.

Қайрат Шәріпбаев сөйлеген сөзінде бірінші жарты жылдықтағы жұмыстардың негізгі қорытындыларын айтып өтті және кәсіпорынның барлық жетістіктері керемет тәжірибиеге ие және өз ісіне берілгендіктерін бірнеше рет дәлелдеген кәсіби қызметкерлер ұжымының мықты және табанды еңбегінің арқасы екендігіне тоқталды. Газшы кәсібі – бұл, ең алдымен, ауыр да, қауіпті және қазақстандықтардың әл-ауқаты тікелей соғай байланысты болатын үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Нақты айытқанда, осы фактіні түсіну біздің ұжымға біртұтас және тату отбасы – ҚазТрансГаз компаниялар тобының болашағының кепілі болуға мүмкіндік береді.

Қорыта келе ол бүкіл ұжымға жоғары кәсібилігі, ісіне деген адалдығы, еңбек сүйгіштігі мен құзыреттілігі үшін үлкен алғыс айтып, барлығына зор денсаулық, бақыт, жұмыста сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.

Біздің әріптестерді наградаларымен құттықтаймыз!

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye