«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры екінші кезеңінің («Бейнеу-Бозой» учаскесінің 0-311 км) трасса бойындағы жол құрылысы жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендер туралы хабарландыру.

85  +    =  86

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры екінші кезеңінің («Бейнеу-Бозой» учаскесінің 0-311 км) трасса бойындағы жол құрылысы жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды.

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2017 жылғы «10» мамыр күні (қоса есептегенде), сағат 18.30-ға дейін, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 213 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған Тендерлік құжаттаманы алу бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын, сондай-ақ ресми бланкіде еркін нысанда рәсімдеген, тендердің толық атауы, деректемелер нұсқалған және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған тендерге қатысу үшін хат-өтінімді (түпнұсқа) ұсыну қажет.

Тендерлік өтінімді тапсыру үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған тендерлік өтінімді беру бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын ұсыну қажет.

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, келесі мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, 213 кабинетке ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы «11» мамыр, сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2017 жылғы «11» мамыр күні, сағат 12:00 келесі мекен-жай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 205 каб. Ықтимал жабдықтаушылар конверттерді ашу рәсіміне қатысуға сенімхат бар болған жағдайда тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Жоғарыда баяндалғандарды толықтыра отырып, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры екінші кезеңінің («Бейнеу-Бозой» учаскесінің 0-311 км) трасса бойындағы (қызметтік) жол құрылысы жұмыстарын сатып алу бойынша шарт жобасының №13 Қосымшасының электронды редакциясы көлемінің ауқымдылығына байланысты, ықтимал жабдықтаушылар оны тендерлік құжаттаманы алу үшін сенімхат болған жағдайда, электронды нұсқаға (көлемі кем дегенде 3 (үш) Гбайт) көшіру арқылы келесі мекен-жай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 213 кеңседен 2017 ж. 10 мамыр сағ.18:00 дейін ала алатынын хабарлайды.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-68-48 телефоны арқылы және эл. пошта: n.yerezhepov@bsgp.kz алуға болады.

Проект Договра (ВТП) ENG.pdf

Проект Договра (ВТП) RUS.pdf

Тенд. документация (ВТП).pdf

Тех. спецификация (ВТП) ENG.pdf

Тех. спецификация (ВТП) RUS.pdf

Приложения к Договору (ВТП).rar

Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.