«ҚазТрансГаз» АҚ Қостанайда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты

Қостанай к.                                                                                                                                   2015 ж. 20 мамыр

 

«ҚазТрансГаз» АҚ Қостанайда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты

2015 жылғы 20 мамырда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қостанай өндірістік филиалы базасында жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай орталық – мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) салтанатты түрде ашылуы болды. Ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Серді қатысты. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйелерді біріктіруге және қысқа мерзімде «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры өз сөзінде былай деп атап өтті: «Ашылып отырған ХҚКО клиенттер үшін газдандыру қызметтерін алу рәсімін оңайлатып қана қоймай, ҚазТрансГаз Аймақ компаниясының өзінің де қажетті ақпарат жинауына көмектеседі. Барлық бизнес-процестер оңтайландырылғандықтан, газдандыру бойынша статистиканы, тұрғындарды мазалайтын сұрақтар немесе туындаған  проблемалар жөнінде ақпаратты алу жеңілдеді. Демек, туындайтын мәселелерді анағұрлым жедел шешуге мүмкіндік туады. Бұл біздің тұтынушылар үшін де, ҚазТрансГаз Аймақ үшін де өте пайдалы». Жаңа орталықта мынадай қызметтер алуға болады: – техникалық шарттар беруге өтініш тапсыру және әзірленген техникалық шарттарды алу; – газбен жабдықтау жобасын әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасасу; – газбен жабдықтау жобаларын келісуге тапсыру; – көрсетілген қызметтерге шот-фактуралар алу; – газбен жабдықтауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер алу; – биллингтік компания көрсететін қызметтерді алу.

Бұл ХҚКО атқаратын жұмыстардың кіші-гірім тізбесі ғана. Бұрын қызметтердің көпшілік бөлігін Қостанай газ шаруашылығының ғимаратынан ғана алуға болатын. Алайда, қашықта орналасуы, компьютерленген жүйенің жоқтығы қалалықтарға белгілі бір қиындықтар тудырып келді. Жаңа орталық қаланың орталық бөлігінде орналасқан, электрондық кезекке тұру жүйесімен және толық жабдықталған күту залымен, автотұрақпен жарақтандырылған. Бүгінгі таңда Қостанай өңірінде компанияның қызметін 160 мыңнан астам абонент тұтынады. Анықтама: Қостанайда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын салу «ҚазТрансГаз» АҚ-ның республика көлемінде қолға алған екінші жобасы. Осындай бірінші орталықты биылғы жылдың 12 ақпанында Шымкентте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы ашқан болатын.   «Бір терезе» форматында қызметтер алуды клиенттер жоғары бағалап отырғанын атап өту керек. 2

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye