«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының еңбек ұжымы алдағы ҚР Президентінің сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдіреді

Шымкент қ.                                                                                                                                                                                                                                                                      27 наурыз 2015 ж.

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының еңбек ұжымы алдағы ҚР Президентінің сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдіреді

Бүгін Шымкент қаласында «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының еңбек ұжымы «Нұр  Отан» партиясының XVI съезінің алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы бастамасына қолдау білдіру мақсатында жиын өткізді. Жиынға қатысушылар осы оқиғаның мән-маңызы жоғары екенін атап өтіп, сайлауға бір кісідей қатысуға және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс беруге шақырған үндеу қабылдады.

Жиын барысында әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы екені, қазіргідей жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет екендігі баса айтылды. Сөз алғандар бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері береке мен ынтымақтастықта тұрып жатқаны Елбасының көреген саясаты, сондықтан оған толық қолдау көрсету керектігіне тоқталды.

Еңбек ұжымының жиналысына 200-ден аса газ қызметкері, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен кандидат Н.Назарбаевтың сайлауалды штабының өкілдері де қатысты.

Қазіргі кезде  «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының 436 қызметкері, яғни ұжымның 50 %-дан астамы «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бұл – Шымкент қаласында ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен бастауыш партия ұйымы болып есептеледі.

Бүгінгі күні осы өңірде газ тұтынатын 270 мыңнан астам абонент, 660 өнеркәсіптік кәсіпорын және шамамен 6 мың коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын бар. Газ тарату құбырының ұзындығы 6,5 мың шақырымды құрайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

1 2 3

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye