«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы қызметкерлерінің ҮНДЕУІ

2015 жылғы 26 сәуір күні Қазақстан халқы өз таңдауын жасамақ, елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өткелі тұр. Біз бүгін, алға қойған міндеті мен мақсаты бір ұйымшыл мекеме ретінде өз таңдауымызды жасадық.

Еліміздегі газ саласы қызметкерлерінің саны 14 мың адамнан асады. Бұл – үлкен  күш, бұл – ертеңгі  күнге деген нақты сенімі бар мамандар.

Біз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Мәңгілік ел” және “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты бағдарламаларын қолдаймыз. Еліміздің барлық же­тіс­тіктері, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа танылуы, мемле­кеттегі осынау күрделі кезеңдегі тұрақтылық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Біз мемлекеттің басында Нұрсұлтан Назарбаевтай беделді Көш­бас­шы тұруы тиіс деп санаймыз.

Біз, Елбасымыз салып берген сара жолмен, болашаққа бірге, нық сеніммен, әлемнің дамыған 30 елінің ортасынан табылуға күш саламыз!

Біз, бүкіл халықты 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына бір кісідей қатысуға және өз таңдауларыңызды жасауда Тұңғыш Президентіміз –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырамыз.

Біздің таңдау – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

                                     «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы

                                                   Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының еңбек ұжымы

27 наурыз 2015 жыл

Шымкент қаласы

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye