Газ тасымалы қуаттана түсті.

Қызылорда қаласынан 60 шақырым жерде еліміздің оңтүстігі мен газ жеткізу көзделіп отырған солтүстік өңірлерін де қажетті газбен қамтамасыз ете алатын нысанның құрылысы аяқталды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 944-ші шақырымында «Қараөзек» компрессорлық станциясы салынды. Қуатты агрегаттармен жабдықталған станция Қытайға табиғи отынның экспортын ұлғайтуға да мүмкіндік бермек.

Екі станция да соңғы үлгідегі, жоғары технологиялар негізінде салынған және күрделі режим жағдайында да үздіксіз пайдалануға арналған газ айдаушы агрегаттармен және қосалқы жабдықтармен жасақталған. Айта кетерлігі, құрылыстың күрделілігіне қарамастан, «ҚазТрансГаз» АҚ осы инвестициялық жобаны жоспарланған мерзімінен жарты жылға ерте аяқтап отыр.

Компания өкілдерінің пікірінше, құрылысты мерзімінен бұрын аяқтауға, «Қараөзек» КС салу кезінде ішкі резервтегі газ айдау қондырғыларын оңтайлы пайдалану арқылы қол жеткізілген. Бұл 10 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Транзиттік әлеуетті ұлғайтудан бөлек, «Қараөзек» компрессорлық станциясы тағы бір маңызды міндетті шешуге арналған. Оның құрылысы Қазақстанның елордасы Астананы табиғи газбен жабдықтау, сондай-ақ елдің орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету есебімен салынды.

Газ мамандарын құрылыс жобасының сәтті аяқталуымен құттықтаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев, іргелі құрылыс жобаларының бүкіл елдің газ тасымалы саласы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. «Бүгінгі күні ТМД елдерінің аумағында «Бозой» және «Қараөзек» компрессорлық станцияларымен тең келетін инфрақұрылымдық нысан жоқ десе де болады. Бұл газ тасымалы саласының әлеуетін арттырумен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылға дейін қазақстандық нарықтың қажеттілігін толықтай отандық газбен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін шешудегі тағы бір маңызды қадам» – деген пікірін білдірді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye