Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасарының “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен есептік кездесуі.

2016 жылғы 15 желтоқсанда  Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі  орынбасары Цзя Хуайгань “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен арада кездесу өткізді.

2016 жылдың қорытындысын шығара отырып, Цзя Хуайгань бизнесті қолдау блогының жемісті жұмысын атап өтті.  ЕРС-шарттардың “Тапсырыс беруші үшін қызметтер” 11.9-бөліміндегі тағам, тұру, көлік және жеке қорғаныс құралдарына төлем жүргізуге қатысты талаптарын ЕРС-мердігерлердің орындауына тұрақты мониторинг жүргізілуде, бұл құрылыс орындарында Тапсырыс беруші өкілдерінің жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Штаттан тыс жағдайлар кезінде Серіктестік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: кеңседегі апаттық жағдайларға ден қою, жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимылдар, адамдар көп жиналатын жерлердегі штаттан тыс жағдайларға дайындық және ден қою (мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде) жөніндегі жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ Серіктестік жүргізушілерімен қауіпсіздік бойынша күнделікті нұсқаулық жүргізіледі. 2016 жылғы 18 қыркүйекте Серіктестік қызметкерлері үшін салауатты өмір салты қағидаларын қолдау мақсатында Мұнай-газ қызметкерлері күніне арналған корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Серіктестік барлық қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен, байланыс және интернет қызметтерімен, қосалқы персонал қызметтерімен, автокөлікті пайдаланумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Қызылорда қаласы Өкілдігінің директоры Бас директор Серік Естайымен бірлесе отырып Сексеуілді, Ақсуат, Қараөзек, Бозой кенттерінде жөндеу-пайдалану учаскелерін аралап, Мердігерлермен бірқатар кездесулер өткізді.  Серіктестіктің Астана қаласындағы Өкілдігі “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС мен “Интергаз Орталық Азия” АҚ арасында “Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры құрылысын салу” базалық жобасының “Қараөзек”КС-4 объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын (құрылыстың 2-ші кезегінің 3-ші іске қосу кешені) сатып алу-сату шартына қол қою арқылы мәміле жасау туралы мәселелерді шешуге көмек көрсетті. Цзя Хуайгань атап өткендей, 2017 жылдың I тоқсанына қойылған негізгі міндеттер Серіктестіктің бірінші кезектегі сатып алуларын жүзеге асыру.

Есептік кездесу соңында Цзы Хуайнань ұжымға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, барлығын келе жатқан 2017 жылмен құттықтады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye