«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын газбен толтыру басталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын газбен толтыру рәсімі телекөпір форматында өтті.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғалиев салынған газ құбырын Ұлы Жібек жолымен салыстырды. Енді Қазақстан Республикасының барлық магистральдық газ құбырлары бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіріледі, ал оңтүстік қазақстандық тұрғындарда газ тапшылығы болмайды, деді ол.

Бүкіл Қазақстан үшін «Бейнеу-Шымкент» газ желісі жай ғана маңызды емес, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жоба. Ол «2010-2014 индустрияландыру картасына» кездейсоқ енгізілген жоқ. Оны іске асыру үшін 2010 жылдың желтоқсанында тең үлесті негізде біздің тараптан «ҚазТрансГаз» АҚ және қытайлық әріптестер тарапынан «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited» компаниялары кірісті. Бір миллиард долларға жарғылық қор құрылды (әр тараптан 500 млн.доллар) және үш млрд. доллар мөлшерінде қарыз капиталы тартылды.

«Бозой-Шымкент» учаскесін газбен толтыру-технологиялық жобалардың бірі, одан кейін «Бозой» және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциялары пайдалануға беріледі. Ұзындығы 1477 км газ магистралі Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтары арқылы өтеді. Бүкіл газ тасымалдау желісін пайдалануға енгізудің бірнеше кезеңі болжанып отыр. «Бозой-Шымкент» учаскесі желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жылына 2,5-3 млрд.текше метр көлемінде газ тасымалдауға мүмкіндік береді, ал «Бозой» негізгі компрессорлық станциясы іске қосылғаннан кейін газ құбырының қуаты алты млрд. текше метрге дейін артады.

Бірінші кезеңде газ 500 елді мекендерде ішкі тұтыну үшін пайдаланылатын болады.

– Бүгін біз сіздермен шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет Басшысы – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу: қазақстандық газды республиканың оңтүстігіне жеткізуден бастап, Қытай Халық Республикасының нарығына отандық газды экспорттау мүмкіндігіне дейін мемлекеттік ауқымдағы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye