ҚазТрансГаз Еуразиялық даму банкімен аймақтарды газдандыру бойынша әріптестікті бастады.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана

2016 жыл 1 қараша

Бүгін, Астана қаласында Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) мен Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында  «Ақтөбе облысының газ тарату желілерін жаңғырту және салу» инвестициялық жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойылған кредиттік келісімге сәйкес ЕАДБ Ақтөбе қаласында автоматты газ тарату станциясының (АГТС-300) құрылысын салу, Ақтөбе облысының Комсомол ауылына газ жеткізуіш құбыр және Ырғыз ауылында ауыл ішілік газ құбырын салу жобаларына 7,7 млрд теңге бөлді.

img_5489

«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстанның аймақтарын газдандыру, қолданыстағы газ құбырларын және газ тарату желілерін жаңғырту (жаңарту) және жаңасын салу бойынша әлеуметтік жобалардың орындалуын қамтамасыз етеді.  Осы мақсатта, газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор  бірнеше қаржыландыру көздерін, соның ішінде меншікті қаражатын қолданады, сондай-ақ инвесторларды тартады.

Келешекте «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы газ желілерін жаңғырту және елді мекендерді газдандыру бойынша басқа жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыру бойынша ЕАДБ-мен әріптестікті жалғастыруды жоспарлап отыр.

img_5542

Анытқама:

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2006 жылдың қаңтарында, Ресей және Қазақстанмен қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың орнықты экономикалық дамуына және өзара сауда-экономикалық байланыс жасауына жәрдемдесу мақсатында құрылған, халықаралық қаржылық мемлекет болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд долларды құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Банктің қатысушы мемлекеттері болып табылады.

ЕАДБ байланыс қызметінің байланыстары

“ҚазТрансГаз” АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық операторы. “ҚазТрансГаз” АҚ топтарының құрамына газды және оның өнімдерін  шығаратын, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі

+7 7172 55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye