Қазақстан мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығын арттырды.

Қазақстан Үкіметі қаулы қабылдады, оған сәйкес мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығы (ЭКБ) артады.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 7 қыркүйекте тиісті қаулыға қол қойды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің дерекқорында жарияланды. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулыға сәйкес, ашық түсті мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж мөлшерлемелері көрсетілген күннен бастап тоннасына $168,88, қара мұнай өнімдері – $112,59 құрайды. Шикі мұнайға ЭКБ тоннасына $40 деңгейінде сақталған.

Қазіргі уақытта, өткен жылдың соңында қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес кедендік әкету бажының мынадай мөлшерлемелері қолданылады: шикі мұнай экспортына – тоннасына 40, ашық мұнай өнімдеріне – тоннасына $164,97, қара мұнай өнімдеріне – $109,98.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye