«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС үздік қызметкерлерін марапаттау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне  орай “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС (Серіктестік) компанияның үздік қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бас директордың орынбасары – Жобаны басқару тобы (ЖБТ) басшысының орынбасары Талғат Әділұлы Әділов наградарды табыстап, ұжымды еліміздің басты мерекесімен құттықтады.  Өз сөзінде ол былай деді: «Тәуелсіздіктің әр жылы өткен сайын біз кемелдене түсеміз, сеніміміз нығайып, күшіміз артады. Біз өз тарихымызды есте сақтаймыз, бастан кешкендерімізді бағалаймыз, мемлекеттегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көріп отырмыз. Тәуелсіздік жылдарында “еркіндік”, “таңдау құқығы”, “демократиялық құндылықтар” деген сөздер — тек құқықтық терминдері ғана емес, өмір салтына айналған ұрпақ өсіп келеді. Бұл жерде сіздердің де баға жетпес еңбектеріңіз бар, құрметті әріптестер” . Т.Ә. Әділов “ҚазТрансГаз” АҚ салтанатты іс-шарада болып, “Құрмет” орденімен марапатталған Серіктестіктің Бас директоры Серік Естайұлы Естай мырзаны құттықтады.

1

Бас директордың орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары Ван Лицзюнь мырзаның  атынан Бас директордың орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары Чжао Шоуи құттықтау сөз сөйледі: “Біздің еліміз бен халқымыз тамаша өмір туралы ұлы қытай арманын іске асырған сияқты, осы жерде, мен де сіздердің алға қойған барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін.  Мемлекет басшысы өз Жолдауында қойған өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін күш-жігерлеріңізді біріктіруге деген ұмтылыстарыңыз Республиканың одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенемін. Бұл мереке қашан да күш, ертеңгі күнге және мемлекеттің тамаша болашағына сенімділік берсін. Қазақстан мен Қытай халықтары арасында мәңгілік достық тілеймін! Біздің бірлескен компаниямыз одан әрі өркендеп, дами берсін!»

2

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай:

Өндірістік – техникалық департамент директорының орынбасары  Нағи Инусұлы Абуов мерекелік медальмен марапатталды.

“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ Құрмет грамотасымен өндірістік – диспетчерлік департаментінің жетекші инженері Құсайын Бақытұлы Басықараев марапатталды. Құсайын Бақытұлының жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады, оның ішінде мұнай-газ саласында 28 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы 5 жылын Құсайын Бақытұлы Серіктестік жұмысына арнады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен – инжиниринг департаментінің жетекші инженері Серік Асанқұлұлы Бекбердиев марапатталды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасымен:

Ван Лицзюнь – Бас директордың бірінші орынбасары – ЖБТ басшысы;

Бейбіт Қажымқанұлы Саурамбаев – Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары;

Чжао Шоуи – Басқарушы үйлестіруші;

Сәрсембай Победаұлы Ещанов – Өндірістік-техникалық департаменттің директоры;

Марат Жалғасұлы Әлиев – Өндірістік- диспетчерік департаменттің директоры;

Лилия Александровна Нұрмұханбетова – Әкімшілік департаментінің жетекші маманы;

Азаматжан Қасығалиұлы Бисенов  – Күрделі құрылыс департаментінің жетекші инженері;

Ғалия Мұратқызы Айтуарова – Техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маманы;

Олеся Александровна Афонина – Техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маман-аудармашысы;

Елена Владимировна Жданова – Өндірістік-диспетчерлік департаменттің жетекші инженері;

Чэнь Гоюань – Инжиниринг департаментінің жетекші инженері;

Алмагүл Нәбиқызы Пазылова – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің аға бухгалтері марапатталды;

“Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрмет грамоталарымен:

Асқар Карлұлы Айталиев – Заң департаментінің директоры;

Юань Вэньяо – Бизнес жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры;

Чжан Минбо – Әкімшілік департаменті директорының орынбасары;

Чжао Чуаньхай – Күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары;

Цао Лайшэн, Заң департаменті директорының орынбасары;

Инна Витальевна Чередниченко – Қызметкерлерді басқару департаментінің жетекші маманы;

Альмира Амангелдіқызы Бөрібаева – Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаментінің жетекші маманы;

Ермек Серікұлы Қазбеков – Бизнес жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің жетекші экономисті;

Николай Евгеньевич Раденко – Инжиниринг департаментінің жетекші инженері;

Ерлан Базтайұлы Оңалбай – Күрделі құрылыс департаментінің жетекші инженері;

Гао Цзянь-сатып алу департаментінің жетекші маманы;

Ян Фафу-Өндірістік-диспетчерлік департаменттің пайдалану жөніндегі жетекші инженері марапатталды.

3

Мереке құрметіне “Мұнай – газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” Қоғамдық бірлестігі Серіктестіктің Кәсіподақ мүшелерін марапаттауға ұсынды.

Кәсіподақ Төрағасы Асан Егінбайұлы Қожақов ұжымды марапаттап, құттықтады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 380 Жарлығымен Асан Егінбайұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальмен марапатталғанын атап өту қажет.

4

Өндірістік-техникалық департаменттің “Бозой” ГӨС жетекші инженері Мұса Әбуұлы Желдіров Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

Салалық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен сатып алу департаментінің жетекші маманы  Ольга Александровна Канина; Әкімшілік департаментінің жетекші маманы  Майра Кеңесқызы Чадырова; Техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маман – аудармашысы  Ольга Валерьевна Соломеина марапатталды.

Қызметкерлерді ынталандыру деңгейін қолдау және арттыру мақсатында Серіктестік басшылығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне марапатталған Серіктестіктің үздік қызметкерлерін марапаттау туралы шешім қабылдады.

Салтанатты рәсім соңында Серіктестік қызметкерлерінің балалары марапатталды. “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС кәсіподақ комитеті өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу, оқушылардың елдің даму тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, оның ұлттық дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 5-12 жас аралығындағы Серіктестік қызметкерлерінің балалары арасында суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың “Гүлдене бер, Қазақстан!” конкурсын өткізді. Байқауға 22 бала қатысты, оның ішінде ең үздік 6 бала іріктеп алынды.

Асан Егінбайұлы конкурс жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті, олардың арасында:

Агишева Алуа, 4 жаста, әкесі-Агишев Салават, өндірістік-техникалық департаменттің жетекші инженері;

Афонин Вячеслав, 9 жаста, анасы-Афонина Олеся, техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маман-аудармашысы;

Емидильда Тайыр, 6 жаста, әкесі – Бекназаров Ерболат, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару департаментінің жетекші маманы;

Бижан Данель, 8 жаста, әкесі-Бижанов Саин, тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаментінің жетекші маманы;

Қолдасов Анварали, 8 жаста, әкесі-Қолдасов Алмасали, техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маман-аудармашысы;

Бадаев Радомир, 8 жаста, әкесі – Бадаев Ринат, техникалық құжаттамаларды бақылау, іс жүргізу және аудармалар департаментінің жетекші маман-аудармашысы.

Конкурсқа қатысқан қызметкерлердің барлық балалары естелік сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye